Жүрегімді жалғыз жаулаған,
Сағындырған мені баураған.
Тек сені, жаным, көргенде
Махаббатым лаулаған.
Ерке гүлім жүрегім таңдаған,
Жаным саған арналад əн арман.
Күлімдеші əркез күлімде
Əрбір сөзің бал маған.
Қайырмасы:
Жүрегім менің, тілегім менің,
Бақыттымын мен өзіңмен.
Тəп-тəтті шекер сөздерің сенің,
Сөздерің.
Ғашығым менің, асылым менің,
Тек мені ойлап көз ілмен.
Тұп-тұнық қара көздерің сенің,
Көздерің.
Жанымда болсаң мəңгілік,
Атады бізге таң күліп.
Ақ гүлім біздің арада
Болмасын сан күдік.
Махаббат көлінде бір жүзіп,
Бір арман жəне бір үміт.
Біз бірге боламыз қалайда,
Келші жаным, кел күліп.