Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к...не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті. Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар. Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес. Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым. 1894 Я думал, что каждый раз, когда я люблю и уважаю меня на казахском языке. Вы не богаты, если вы хотите, чтобы умереть. Если он богат, не было бы их голову, плоть своего скота? Там нет богатых богатых в собственном скота. Некоторые богатые само по себе дает сто до ста спорить с кем-то и распределяет его скот. Думает: от глупости, говоря. Нет, он сдается. Не начинается, но и господа, свою страну, свою землю, открыл их и распространить его скот. Некоторые богатства, и, когда молоко не может получить смешно, молоко не достаточно, и он не сильно, кто не много пугая, ищет. Если вы хотите, чтобы уважать господь, то ясно, что день не в стране, где есть много скота. Кто-то, сэр, говорят. Кто-то сошел с ума после того, как его ... или дорогая соль, он и кто участвует в талик. Если вы хотите, чтобы уважать ставки и танцы, у нас не было Бога и власти. Там нет свойства силы и власти, чтобы купить, купил и избили. Если вы хотите соблюдать самые сильные, вся страна сильна и самым сильным в стране. У вас нет никого на земле справедливости, стыда и объекта. Все в стране сложно, ужасно, нечестно, и Амаль. Несмотря на то, что он хочет, чтобы почтить dysara из Joshara, он не сообщает смирению. Если у вас есть способности, у вас есть еще один. Нигде не оставаться в силе и horridies, они не видят мир без замечателен. А кто любит, кто мы любим и хотим пожелать? Пусть самоликвидировалась существа живут. Теперь, если вы не хотите, чтобы быть в состоянии отказаться от своего легкого mitihood, который не хотел отказаться от своей еды, но не отказаться от своей еды, что он больше не успокаивает свою еду, но он больше не имел пришлось отказаться и не отказаться от своей еды, потому что он tranned свою еду. Я не мог найти щелчок. 1894 Смотрите также: | |