Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол - тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суый бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады? Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызығының акырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын. 1894 Вы знаете Указ судьбы - не изменится. В человеке есть мозг. Он что-то создает с человеком в судьбе, он не нашел себя. Если вы сталкиваетесь с одним из имитатов, мужчина трудно избавиться от. Хотя вы будете острее и потрясены, они придут и снова выиграют. У этого человека есть то, что этот человек хорошо провел время, когда сын человека заметил? Примите много внимания как к еде, улыбкам, смеху, горду, чертвены, как из одежды, так и одежды. Он видит всю жизнь каждого, знает его поступок, и он стал так сильно. Мир не стоит даже, человеческая сила, жизнь не живет равномерно. Бог не дал каждую проблему бездомных. Где теперь можно даже стоять? Но я видел много тендеров, чтобы увидеть, увидеть много, вкус, цены, и все вышел из вдумчивого человека. Те, кто видел всю жизнь, просмотр каждого интересного мира мира, а те, кто знает. Я думаю, что это глупость, нет радости. 1894. Смотрите также: | |