Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен. Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? 1893 The wise man and the foolish man, as far as I know, have seen a certain kind. First, after being created as a human, we can no longer enjoy the things of the world. The most exciting time of your life is when you are looking for that interesting thing. It would seem that a wise person is eager and eager to find a place to be. She has no regrets about this past life. The fact that a person does not find a place, or is drawn to something worthless or inaccurate, becomes passionate and enjoys his life in an intriguing, precious little way, and repentance does not occur every day. As a teenager, he found a man who would find something interesting, a pillow to wear, and a joint to loosen up, and with a few exciting thrusts, he would freeze his neck, build a joint, and become second-rate. Third, we are interested in everything. It is something that gives rise to its own passion. Each craving has its own affliction, and when it comes to different cravings, or, when it is deficient, it produces a different craving. Each cat is a stinging creature that pulls out a lot of lugs, binds its eyes, opens its eyes to its surrounding viewers, favors "mother-to-be". At that time, the wise men sought not to go astray, not to use their hands wisely and to test themselves. I saw that people could drop their saddles, drop their hats, close their boots, and see their two eyes fly in the sky, driving a demon. If you want to be a good listener, consider yourself a privilege every day, or one on Friday, or at least once a month! How did you go about your life since that previous report, either in knowledge, or in education, or in the world, in a day that you did not regret? No, you don't even know what you did? 1893 Смотрите также: | |