Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда? 1890 When I was a child, I used to hear and laugh when I saw our Kazakh sart. "That's sart-surt." When he saw Nogai, he laughed at him: "Nogai, who is afraid of camels, gets tired when he rides a horse, and when he walks, he breathes. He also laughed at the Russians: "When you see a village, you are a bad Russian." He said that he would do whatever he wanted in Russian ... he didn't know what to say, he said "find a long ear". Then I would think: oh my God, all the people except us are stupid, it's bad, we are the best people, I would laugh at those words with great interest and joy. Now I see that the sart has no crops, no fruits, no merchants, no skills. No city will be at war with itself! When he did not look at the Russians, he conveyed the fate of the Kazakh dead and the clothes of the living. After all, the father had taken the animal and drove it away. Even after looking at Russian, they learned a lot of Russian art from us. Great rich people, big mullahs, dexterity, curiosity, politeness are all in them. When I look at Nogai, he can endure military service, he can endure poverty, he can endure death, he can endure mullahs, madrassas and religion. They know how to work and earn money, they have luxury and beauty. One of us is a beggar and the other is a benefactor for his flock. Our richest man is kicked out of his house, saying: It's all the result of chasing each other, not having resources, chasing peasants, finding art, finding livestock, and being great. There is nothing to say in Russian, we are not slaves. Where are our words of pride, joy and laughter? 1890 Смотрите также: | |