Тек сен
Алдыңа қойған мақсатқа ерсең
Анық басып, ақырын келсең
Өзгеге емес өзіңе сенсең
Жеңімпаз болуға лайықсың тек мен!
Бойыңда намыс, жігер мен қайрат
Сынаққа жауап бер, күшіңді байқа
Қаншалықты қиын болса да
Жеңемін де, өзіңді қайра!
Еңбек ет аянбай төгіп тер
Ақыл мен күшіңе ерік бер
Өзіңді шыңда, сонда ғана
Шығарсың шыңға, тек ерінбе!
Күшің емес ақылға сен
Ашу емес сабырмен жең
Ең үлкен жеңіс өзіңді жеңу
Жеңімпаз болуға лайықсың тек сен!
Бойыңда сенімсіз күдікті үз де
Қозғалыста бол, өзіңді ізде
Жеңілгенді жер көтерер
Бүгілсең де үмітті үзбе!