Талас
Халал мен харам
Әйел мен еркек
Шындық – жалған
Қымбат – арзан
Үсен мен Асан
Өмір мен өлім
Түтін мен аспан
Кәпір мен құрмет
Білімсіз – үкімет
Сауап пен міндет
Салық пен зекет
Дін мен дүние
Тау мен үйлер
Үй мен мола
Евро мен доллар
Достық пен қастық
Таныс пен бастық
Әйел мен билік
Кәрі мен жастық
Әділдік – жала
Кінәсіз – жаза
Ақша мен ақыл ой
Залым мен абырой
Ашу мен сабыр
Күнәсіз – зина
Ең үлкен талас
Нәпсі мен иман
Қайырмасы:
Ақ пен қара
Заман мен адам
Білімді – надан
Жақсы мен жаман
Сан мен сапа
Көрік пен сана
Жаңа мен ескі
ГАИ мен ешкі
Ұят пен үлгі
Қайғы мен күлкі
Атақ пен мазақ
Қазақ пен қазақ
Қасқыр – қойлар
Бәсеке – тойлар
Адал мен қулар
Таласты рулар
Бап пенен бақ
Тіл менен жақ
Талант пен таныс
Талас пен тартыс
Таласты көліктер
Палшы, көріпкел
Біреулер ақшамен
Біреулер төгіп тер
Тіршілік – заман
Алас - қапас
Өмірдің өзі
ТАЛАС – ТАЛАС.