ҚЫЗ СЕЗIМI
Әнi мен өлеңi: Гауһар Әлiмбекова.
Қабағыма қар жауар сен болмасаң,
Өмiрiме нұр жауар сен қолдасаң.
Бақытымның шегi болмас едi-ау
Үлбiреген үмiттi сен жалғасаң.
Қайырмасы:
Жазармысың жүректiң мұң-жарасын,
Ертелi-кеш ойыма ораласың.
Қыз жүрегiн жеткiзу қиын екен,
Шыр айналып қалғандай саған басым.
Қаракөзге қарашы қасыңдағы,
Ғашықтығымды көзiм жасырмады.
Жұмбағын сол көздердiң шешсең, жаным,
Бақытымның есiгi ашылғаны.
Қайырмасы.
Алып-ұшып жүрегiм, алаңдаймын.
Затым нәзiк болған соң, бара алмаймын.
Тынысымды тарылтпай, келсеңшi өзiң,
Бақ келгенде бас тартып қала алмаймын.