IЗДЕДIМ СЕНI
Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Исраил Сапарбай.
Мен сенi сағындым ғой, сағындым ғой,
Сағынып, сергелдеңге салындым ғой.
Адасқан айдалада қайманадай,
Ай-күннiң есебiнен жаңылдым ғой.
Қайырмасы:
Мен сенi сағындым ғой, сағындым ғой.
Нелiктен жайқалмайды,
Жайқалмайды нелiктен жаным гүлдей?
Жаямын Айға алақан аласұра.
Баяғы бiр жүректiң бабын бiлмей.
Аққудың көлде жүзген сыңарындай,
Көңiлден қойды-ау бiр сәт мұң арылмай.
Есiмнен қайда жүрсем бiр шықпайсың,
Мойныма тағып алған тұмарымдай.
Қайырмасы: