Слова: Ибрагим Исаев
Музыка: Шамшаддин Омаров
Жалындаған жас кеуде,өзгереді өскенде,
Ешқашанда қалмайды,мәңгі жас боп еш пенде.
Босқа қуып шаршама,
Бақыт келсе,қашпайды.
Арманыңды қаншама, уақыт үзіп тастайды.
Өмір өтпелі,қысқа көктемі
Барлық арманға ешкім жетпеді.
Жеткіз арманға,босқа алданба!
Қанша арман бар мынау жалғанда?
Жетем деген жеріңе-жете алмасаң жол ұзақ
Абыройдың төріне жетер жолың жалғыз-ақ,
Сол жолыңнан адаспа,
Арман жолы бұралаң.
Ешкіммен де таласпа,
Бар өзіңнің сыбағаң!!
Өмір өтпелі,қысқа көктемі
Барлық арманға ешкім жетпеді.
Жеткіз арманға,босқа алданба!
Қанша арман бар мынау жалғанда?