Хаким ата
(Сүлеймен Бақырғани)
Зарла сахар болғанда
Жарға жаның толғанда,
Жамалы балдан тәттірек,
Зарла сахар болғанда,
Зарығыңнан бақ тілеп.
Алла білер іс түбін,
Хақсыз көңіл оңған ба?
Тәубаңа кел,міскінім,
Зарла,сахар болғанда.
Тап тиянақ,тағат қыл,
Қапы қалып,қорланба.
Жан бақшасын абат қыл,
Зарла,сахар болғанда.
Жарды таңнан сүйеді,
Құс тілімен орманда.
Ғашық жүрек күйеді,
Зарла сахар болғанда.
Иманыңның шамын жақ,
Хақ дидарын арманда.
Қалауыңның зарын бақ,
Таңда сахар болғанда.
Көркін аңсап Алланың,
Көзіңді жас жуғанда.
Зікір айтып зарлағын,
Таңда сахар туғанда.