МАХАББАТНАМА
Жад қылдым жүрегіме Хақтың атын,
«Махаббатнама» дедім хаттың атын.
Ғаламға екі жарық гауһар берген,
Адамға махаббаттай жауһар берген.
Аспанның дәптеріне түнді жазған,
Жаһанға дәнекер қып үнді жазған.
Назар сал, көкте жеті қатқа қара,
Жаратты алты күнде Хақ тағала.
Қылыпты құс төресін сұңқарға жем,
Тамшы су айға айналар – іңкәрға дем.
Жад қылдым жүрегіме Хақтың атын,
«Махаббатнама» дедім хаттың атын.
Ғаламға екі жарық гауһар берген,
Адамға махаббаттай жауһар берген.
Алқызыл өңіне оның мең жаратты,
Бойына шашын бірдей тең жаратты.
Қап-қара топырақтан сүмбіл жарап,
Тікендер арасынан тұр гүл қарап.
Маржанды пайда қылды қатты тастан,
Борықтан қант жасады – тәттіні асқан.
Жад қылдым жүрегіме Хақтың атын,
«Махаббатнама» дедім хаттың атын.
Жад қылдым жүрегіме Хақтың атын,
Тазалап нұрыменен таптым атын.
Ғаламға екі жарық гауһар берген,
Адамға махаббаттай жауһар берген.
Дария жерді шарлап бара жатыр,
Ұлудың қауағында лала жатыр.
Аралар гүл шырынын іздеп, қуып,
Көгалға самал жел жүр қызмет қылып.
Дүркіреп пілдей бұлттар шапты кері,
Қай жерге жауатынын Хақ біледі.
Мұхаммет Хорезми