Өзіңді іздеп тапқаным
Сөзін жазған Фариза Оңғарсынова
Әнін жазған Серік Керімбеков
1.Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім
Жүрегімнен күй арнайтын сәттерім.
Сенің әрбір қылығыңды тамсанып,
Қиялдайтын, қиялдайтын сәттерім.
Қайырмасы:
Бұл өмірде рахатқа батқаным –
Өзіңді іздеп, өзіңді іздеп тапқаным.
Күлім қағып пәк көңілді баладай,
Сеніп жүрген, сеніп жүрген шақтарым.
Өзіңді іздеп, өзіңді іздеп тапқаным.
2.Ана аңсаған жас сәбидей тәтті едің,
Түнгі сырдай түнгі сырдай сәттерім.
Осы менің өмірімді жалғаған,
Жыл құсындай, жыл құсындай сәттерім.