Өмір, өмір
Сөзі Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ
Әні Құмарбек ҚАЛҚАТАЕВ
Бәрі бекер болғаны ма,
Сені де өмір алдады ма ?
Торлады ма, өрмекші өмір,
Көңіліңді қорлады ма ?
Жаратқанға табынғаным,
Сені аңсап сағынғаным.
Еркелеуші ем еркіңді алып,
Ұмыттыңба бәрін жаным ?
Өмір, өмір бір күн емес,
Көңіл, көңіл бұл күн елес.
Ұмыттың ба, ұмыттың ба .
Ұмытуың мүмкін емес.
Басқа жанның күлкісімен,
Жүрегіңді жылыттың ба ?
Ұмытуың мүмкүн емес,
Шыныменен ұмыттың ба ?
Өкінішпен сынайды екен,
Әлде маған ұнай ма екен ?
Түн ішінде жалғыз өзі,
Гүлде мендей жылай ма екен ?