Балалық барлық шалалығымды көтерген
Қателік пенен тентектігімді кешірген
Әрдайым мені желеп жебейтін
Қорғаушым маған ең қымбатсың менің жалғыз анашым
Жүрегіңе сыйған таусылмайтын мейірім
Мейіріміңнен өмірлік күш алып жүремін
Қабағыңа мүлде сыр бермейсің жадыра
Шарсасаң да жасырасың сезім білемін
припев:
уәде беремін мама
уайымдатпаймын
бар үмітіңді
енді ақтаймын
жақсы көремін
мама
алаңдатпаймын
жылулығыңды
жаныма сақтаймын
ең асыл анам
Көше кезіп бұзық болған талай кездерім
Тіліңді алмай жанға қаяу салған сөздерім
Балалық пен болды оның бәрі анашым
Кешірші қазір
Бәрін түсіндім өзгердім
Куәгерімін мен күлкісіз күндеріңнің
Себепшісімін мен ұйқысыз түндеріңнін
Қабағыңа мүлде сыр бермейсің жадыра
Шаршасаң да жасырасың
сезем білемін