Ежелден ертегі еліміз
Балбұлақ, бау-бақша жеріміз
Түркістан түрленген, нұрланған
Келіңіз, келіңіз, көріңіз
Бұлбұлы бақтарда сайраған
Қыр гүлі құлпырып жайнаған
Ұл-қызы шаттығын тойлаған
Киелі күмбезді Түркістан (2х)
Бүгінден шуақты ертеңі
Көріндер куатты өлкені
Тарихта таусылмас дастандай
Тарихы шежіре шертеді
Бұлбұлы бақтарда сайраған
Қыр гүлі құлпырып жайнаған
Ұл-қызы шаттығын тойлаған
Киелі күмбезді Түркістан (2х)
Шырқаса - ән өзі, жыр көзі
Алыстан көрінген күмбезі
Түркістан - шығыстың шырайы
Көгіңнен кетпеген күн көзі
Бұлбұлы бақтарда сайраған
Қыр гүлі құлпырып жайнаған
Ұл-қызы шаттығын тойлаған
Киелі күмбезді Түркістан (2х)