Жүрегімнің әуенін
Тұр ғой жалғыз тыңдап күз.
Сезімімнің әлемін.
Сен тербеттің жұмбақ қыз.
Атқан еді талай таң арайлаумен,
Ғажап сәттер өтті ғой талай дәурен,
Сағыныштан жабығып ақ еркем-ау.
Жүрмін қазір жол жаққа қарайлаумен.
Көріндің де жоқ болдың жұмбақ бағым.
Содан бастап менде енді мұңға аттандым.
Ешкімге де ашпадым саған деген
Жан сырымды тек қана түнге ақтардым
Жүрегімнің әуенін
Тұр ғой жалғыз тыңдап күз.
Сезімімнің әлемін.
Сен тербеттің жұмбақ қыз.
Кетеріңді мүмкін мен сезбесте едім.
Бойды билеп кетті ғой ол кеште мұң.
Ең соңғы рет көргенім сол болатын.
Содан бері өзіңмен кездеспедім.
Бір шипасын жүректің таба алмадым,
Кезіп келем махаббат жағалауын.
Саған деген аяулы сезімімді
Неге қабыл алмайсың ақ арманым
Алыс кетсең сағынам,
Ұшып кетпе бағымнан.
Табыл әркез жанымнан сен елігім.
Жалғыз сенсіз жабығам,
Сәл көрмесем сағынам,
Іздеп жүрмін бағымнан сені гүлім.
Жүрегімнің әуенін
Тұр ғой жалғыз тыңдап күз.
Сезімімнің әлемін.
Сен тербеттің жұмбақ қыз.