Кешірші Алла күнәміз болса,
Жетім боп қалған сәбилер тоңса.
Өсірген баласын бейшара, байғұс,
Қарттардың үйі әкемен толса.
Жұбаттың білем жылаған болсақ,
Тұрғыздың білем құлаған болсақ.
Намазды оқымай жүрсекте біз,
Бақытты бердің сұраған болсақ.
Анасы баласын улаған болса,
Бойымда шайтан тулаған болса.
Құрсақта жатқан баланы алып,
Аналар баласын тумаған болса.
Болмайтын сөзді жақтаған болсақ,
Өмірде күнәні қаптаған болсақ.
Өзіңе иіліп иман келтірмей,
Жайнамаз үстінде жатпаған болсақ.
Кешірші Алла, күнәміз болса.. Кешіре гөр кешірші Алла...