Сүйіп те тұрып, сүйікті болып, Сетінеп жаным, шерленем, Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі, Әлі де сүйіп көрмеген. Адасып барып, таласып-талып, Сүрініп, сосын, ес кірді. Адамның нағыз бақытты шағы –Сүймеген кезі ешкімді. Жылынып барып, жұлынып-жарып, Жүрек көзінен жас тамад. Махаббат оты тұтанған күннен, Бақытсыздықтар басталад. Көрінбес көзге елесті қуып, Көңілді, сосын, бір демдер. Адамның бәрі сүйіскен сәттен, Бақытын іздеп жүргендер. Санасы әбден ескірген деме, Санама жасық, пасыққа. Бақытты болғың келсе егер, досым, Сүюге онда асықпа! Адастым дей бер, адамның бәрі, Бақытқа сендей асыққан. Бақыттымын деп айтпайды бірақ, Себебі, олар – ғашықтар! Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем, Жүректей жұқа бөлмеден. Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі, Ешқашан сүйіп көрмеген. Love and be loved, My dear, the Sherlock, To love is all happiness She has not been kissed yet. Go astray, quarrel, Stumbled, then came to his senses. The Real Happiness of a Man - When You Don't Love Warming up, tearing up, Tears from the heart. From the day of the fire of love, The misery has begun. Catch the ghosts in the invisible, Have fun, then say a breath. From the moment everyone kisses, Those who are looking for happiness. Well, the mind is old, Let's talk about it. If you want to be happy, friend, Do not rush there to love! Tell me, my friend, everyone, Hurry to happiness like you. Not saying happy but Because they are lovers! Myself, a prisoner, I cannot escape, From a thin room. To love is all happiness Never kissed. | |