Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың. Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп, Бақытсыз болып қалдым деп. Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма, Қарау керек, бауырым, саған алға, Басыңдағы бөрік пе, орамал ма? Көтер қане басыңды, қалай бұның?! Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?! Көтер қане басыңды! Күніңді босқа өткізіп пе едің? Тағдыр неге сыр айтты сары-ау, Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Бақытсыздық - деп кім айтты саған?! Кім айтты саған?! Тұлпарды сүрінбейді деп, Асауды мінілмейді деп, Ақ көйлек кірлемейді деп, Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. Кім айтты саған?! Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау, Ойыңды шығар өріске! Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау, Жеңудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді, Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес, ендеше. You're warm, boy, I have seen a lot of shortages, The good you have done for the people, that you have not returned. You cried, I was hit hard, I was unhappy. Oh, oh, well, Will the past come back, We need to look, brother, forward to you, Do you have a hat or a scarf? Raise your head, how can that be ?! Is it your fault that it melted like ice ?! Raise your head! Have you wasted your day? Why did destiny tell the secret? All the failures of life Who told you that you are unhappy ?! Who told you ?! That the horse does not stumble, That he would not ride a horse, That the white shirt does not get dirty, The black goat says that the rotten tree will not bloom again. Who told you ?! Everyone is kind and considerate. That everyone wants the truth, He respects heights and does not insult nobles. You have troubled me in vain, Get your game out there! Tell me, this is the universe, Is all victory a victory? Did she dream of a guy, If he does not overcome his grief. All the failures in life are not misfortunes. Смотрите также: | |