Жүректің қылын қозғаған
Ерке сұлуым назданған
Сарғайды жан жаз болған
Ұзамай-ақ сен вокзалдан
Жолыңа қарап көз талған
Болды ма берген сөз жалған
Алаңдап келмегенге
Тұрмын мен неге неге
Өтпейді уақыт аз қалған
Қайырмасы:
Кел жаным кел кешікпей
Құшайын мен де күтпей
Жазылмас жан емi
Әдемі әдемі
Аруым сен кезікпей
2. Өзіңді көрген кезімде
Айтам деп жүрген сөзім бар
Жаным-ау сен кеп жаққан
Жүректе ыстық сезім бар
Жылжымай сағат баяулап
Қалғандай бейне аялдап
Осы жан сағынды-ау деп
Жаралы жанымды емдеп
Келмейсін неге мені ойлап