Жаным менің жылаудың жоқ керегі
Көз жасыңа тұрмайды өмір себебі
Бір сен емес қаншама адам бақытсыз
Тек бақытты көрінгісі келеді
Жылама
Жылағаннан не пайда
Жылама
Бұйырмасқа жоқ айла
Жылама
Жанарыңды құрғатып
Жыламаған бір бақыт
Жыламаған шын бақыт
Жылама....
Жыламашы жыламашы жүрегім
Мұңыңды да сырыңды да білемін
Сені соғу қағысыңнан айнытпас
Жұбатар жан табылса екен тілегім
Жылама
Жылағаннан не пайда
Жылама
Бұйырмасқа жоқ айла
Жылама
Жанарыңды құрғатып
Жыламаған бір бақыт
Жыламаған шын бақыт
Жылама....