1.
Қайрат пен жігерді намысқа қайрап,
Әділдік сертін де санаға байлап,
Ерліктің белгісі – елдіктің үлгісі,
Аңыз бен дастандай тыңдалған.
Арнаулы қызметтің қыраны самғап,
Көрінбес майданда жеңісті жалғап,
Адалдық ісінде егемен Отанға,
Ел қорғау жолында шыңдалған.
Қайырмасы:
Алға самға! Шаршап талма
Елдікті сақтаудың жолында!
Алға самға! Қалыс қалма!
Тағдыры халқыңның қолыңда!
2.
Мемлекет көк туын биікке көтер!
Халқыңа парызды еңбекпен өткер!
Жүрегі жалынды, ақылы қарымды –
Біз – сарбаз намыстан от өрген.
Сақтаймыз кездессе қауіп пен қатер.
Отаным біздермен мұратқа жетер.
Алдын да аламыз, жолын да кесеміз,
Жасырын жау келсе жат жерден.
Қайырмасы:
Алға самға! Шаршап талма
Елдікті сақтаудың жолында!
Алға самға! Қалыс қалма!
Тағдыры халқыңның қолыңда!