Қара көз ең алғашқы сүйген қызым
Көктемім, жазым менің, күзім, қысым
Армандап жыл мезгілін қалай күтсем
Ол да менің көптен күткен аққу құсым
Қалап ем махаббаттың қаламқасын
Қолдан ұшты қанатты қарлығашым
Аймалап аялаған күндерімді
Қалайша сен есіңнен шығарасың
Алтыным менің
Кете бардың амалым жоқ қала бердім
Жүрегім кеудеме сыймайды
Сол менің жүрегімді қинайды
Күте-күте сарғайдым хаттарыңды
Сағынышым жыр болып ақтарылды
Мен ғана жалғыз сені сағынатын
Ойлап турсаң осы бір шақтарыңды
Ұмыттың ба жастықтың көп күндерін
Сол жылы алма-ағаштар көп гүлдеді
Өзіңмен бірге отырған сол жігітке
Қалайша айырбастап кеттің мені