жабығып қалғаныңда,
таусылып талғамыңда.
арылып ауыр мұңнан,
бір сәтке алдануға.
қасыңда бір болатын, жасысаң сынға алатын.
жапанда жаяу қалсаң, аямас мінген атын.
көңілге нұр беретін, өмірге бір келетін.
не көрсе бір көретін, бір досың керек екен
жалғыздық батқанында,
атпай бір ақ таңың да.
көңілің тұманданып,
құлазып жатқаныңда.
қасыңда бір болатын, жасысаң сынға алатын.
жапанда жаяу қалсаң, аямас мінген атын.
көңілге нұр беретін, өмірге бір келетін.
не көрсе бір көретін, бір досың керек екен
шаттығың кернегенде,
елге дес бермегенде.
шарықтап сөйлегенде,
қолыңды сермегенде.