Еркелеймін деп жүріп
Өкпелетіп алдым ба
Тағы сенің алдында
Кінәлі боп қалдым ба
Неге маған сенбейсің
Қайта қайта тергейсің
Неге жаным шындықты
Көздерімнен көрмейсің
Қайырмасы:
Жаман деп қарамашы
Басқаша ойламашы
Жанымды берем бақытты етем
Тек мені тастамашы
Жаман деп қарамашы
Басқаша ойламашы
Жанымды берем бақытты етем
Тек мені тастамашы
Мінезімді білесің
Әрең шыдап жүресің
Бірақ жаным сонда да
Мені ғана сүйесің
Болмысымда барымда
Мені осылай қабылда
Басқаша бола алмаймын
Солай жаратқан Алла
Қайырмасы: х2
Жаман деп қарамашы
Басқаша ойламашы
Жанымды берем бақытты етем
Тек мені тастамашы
Жаман деп қарамашы
Басқаша ойламашы
Жанымды берем бақытты етем
Тек мені тастамашы