1)Қырдан үзіп ақ гүлін,
Қонған көлге аққуым.
Таңдайынан шыққан үнмен
Таң қылуда қылықтым-ау пәктігін.
Мінсіз ерек жылу ғып,
Төгіп барша жылулық.
Анаң қалай әлпештеген
Айдындағы ақ аққудай сұлу ғып жаным.
Қ-сы
Жолыңа қарайлаумен көркем,
Бағыма бүкпей жетем ертең.
Тәңірдің берген сыйы өзің,
Еркеле еркелеші еркем.
2)Гүлге тұнған шырындай,
Белге түскен бұрымдай.
Еркелейсің еліктім-ау
Кең далада ақ сүт емген құлындай.
Қай жүректе тұрағың,
Бір жасайық бір адым.
Қар боп еріп таудан аққан
Тұщы дәмді таза мөлдір бұлағым жаным.
Қ-сы
Жолыңа қарайлаумен көркем,
Бағыма бүкпей жетем ертең.
Тәңірдің берген сыйы өзің,
Еркеле еркелеші еркем.
1