1
Сабыр халқым емен жарқын
Сарыныма сал құлақ
Немді аяймын, сенен халқым
Жүрек қақты-ау жан жылап
Жар астында жау көп екен
Елдің шеті дүрлікті
Керек емес дау көп екен
Ұмыттырған бірлікті
КАЙЫРМАСЫ:
Азат болсақ шіркін-ай деп
Армандаған ел қайда
Аш па, тоқ па, бір Құдай деп
Арды ойлаған ер қайда?
Дүние малға дауласпауға
Қолды берген мәрт қайда
Бодандықтан босап шықсақ
Болды деген серт қайда
2
Үстірт бойын үсік шалса
Алтай, Арқа дем берер
Ерке Есіл, сұлу Сырдың
Пейілімен емделер
Қазаққа дос - қазақ қана
Итерсе де далаға
Өз-өзіңді азаптама
От жақса да араңа
КАЙЫРМАСЫ:
Өз қолыңмен жасап шыққан
Бостандықтың сарайын
Өз қолыңмен бұзасың ба
Көзін қиып ағайын
Маң далада маң-маң басқан
Маңғаз едің нар қазақ
Өкпе назға алданбастан
Өзім деп біл, әр қазақ
000
Керек бізге сәл дамылдау
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Байқамасаң жан-жағың жау
Тізгін қысқа, тақым бос
Жемқор да бар, қорқау да бар
Ел арасын ақтарса
Алаяқтар арқандалар
Тыныштығың сақталса
Ата дұшпан әдеті ғой
Байлап шалып, тор құру
Аз қазақты айдап салып
Азаматын қор қылу
3
Өз қолыңды өзің кеспей
Сабырыңды саяла
Бір-біріңді жәбірлеспей
Атқан таңды аяла
Ұмытылмақ бүгін неге
Тоқыраулар әлі есте
Бұдан жаман күніңде де
Тойға бардың емес пе
КАЙЫРМАСЫ:
Кешірімшіл ғұмыр кешкен
Бабам біліп пайдасын
Бабасының құнын кешкен
Дана қазақ қайдасың?
Азат болсақ шіркін-ай деп
Армандаған ел қайда?
Аш па, тоқ па, бір Құдай деп
Арды ойлаған ер қайда?