Аппақ тілегім орындалғанда
Аңсаған бақыт қолымды алғанда
Не жетер шіркін өзіңнің мәңгі
Сүйген жарыңа жолыға алганға
Асқақ арманға баратын бiрге.
Шырағым болып жанатын түнде.
Сырымды ұғар сыңарым өзiң,
Өмiрдiң әнiн салатын күнде.
Тiрегiм болып жүрсiң қасымда.
Шаттықтан көңiлiм көлдей тасуда.
Бәрiнiң бiрдей мына жалғанда.
Жетпейд-ау қолы сендей асылға
Жетпейд-ау қолы сендей асылға
Таптыңда өзің дертімнің емін
Биледің бірден еркімді менің
әлемнің барлық әдемілігін
Бойыңа жиып беріпті сенің