Айналдым көзіңнен тұп-тұнық тұңғиық
Байландым сезіммен өзіңді шын сүйіп
Талпындым төзіммен арманға тым биік жаным
Қалдырған көп белгі жылынған алғаш таң
Сағынып көктемді жүрсің бе талмастан
Ғасырдай сәттерді өткізе алмастан жаным
Қ-сы:
Сен күткен көктем жетсе
Айнала гүлдей
Жайнаған күндей
Сен күлсең
Бір сезім тәтті ерекше
Ұсынып күнде
Жаныңда бірге
Мен жүрсем
Жаздағы жайдарлы таңдайын арайлы
Кел құшақ жайдағы жүрекке ақ айдын
Өзіңді ойдағы бақытқа балаймын жаным
Күз көңіл жабырқап мұз болып шеккен мұң
Жасырған жапырақ іздерін өткеннің
Сонда да сен бірақ іздедің көктемнің күнін
Қ-сы:
Сен күткен көктем жетсе
Айнала гүлдей
Жайнаған күндей
Сен күлсең
Бір сезім тәтті ерекше
Ұсынып күнде
Жаныңда бірге
Мен жүрсем