Бақыттың бiлмей бағасын
Адастыма екен анасы
Ақ неке жанға қараусыз
Қалдырмаушы едi-ау баласын
Жетiмнiң көзi жасты екен
Удан да дәмi ашшы екен
Әкенiң мұз ба жүрегi
Ананың бауыры таспа екен
Аңсатқан жанды ақ арман
Жас болып аққан жанардан
Сәбидiң бәрi бақытты
Болуы үшiн жаралған
Жалғанда жалған жалғанда
Анадан жақын жан бар ма
Арманда мекен анасы
Жанында жүрген жандарға
Аңсатқан жанға жетем деп
Жетiмдер үйiн мекендеп
Қрайлап жүр-ау анашым
Қайтып бiр келерме екен деп
Аңсатқан жанды ақ арман
Жас болып аққан жанардан
Сәбидiң бәрi бақытты
Болуы үшiн жаралған
Аңсатқан жанды ақ арман
Жас болып аққан жанардан
Сәбидiң бәрi бақытты
Болуы үшiн жаралған
Сәбидiң бәрi бақытты
Болуы үшiн жаралған