Қай қала,
Анкара ма, Анталия ма,
Айға ма?
Ауа жұтып қайтайық
Жай ғана.
- Жо-жоқ,
Алматы мен Астана,
Бурабай ма, Сарағашқа ма?
Жүрсем болды жаныңда,
Сайрайын бағыңда,
Қыдырсаң қасыңнан тастама!
Қайырмасы:
Ақылдым менің бақытқа лайық,
Өзімізге де уақыт табайық,
Қырдағы Қызылорда ғажайып.
Өмірімізді гүлмен орайық,
Ол үшін біздер бірге болайық,
Қыдырып Маңғыстауға барайық.
- Кеше де,
Бүгінгі күн ұқсамасын
Кешеге.
Серуендеп қайтайық
Көшеде.
- Жо-жоқ, мынау дархан даланың,
Неше сұлу көркем қаланың
Кереметін байқайық,
Мақтанып айтайық,
Балқашын, Касспийін, Аралын
Көңілсіз көрінбей,
Біз біріміз бірімізден
Көп бөлінбей бір қыдырсақ.
Қамшының сабындай өмірде
Көз жасым төгілмей біз -
Қол ұстасып қырдан ассақ,
Сен ғана сен ғана,
Сен сен!
Қайырмасы:
Өмірімізді гүлмен орайық
Ол үшін біздер бірге болайық
Туған жер біздер үшін ғажайып