1)Әнімізбен жанымызбен тең егіз
Қазақ халқын өте жақсы көреміз
Біздің Дос-Мұқасан
МұзАРТ Нұр-Мұқасан
Солар салған сара жолмен келеміз
Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге он жыл
Арқа сүйер алты алашқа сенеміз
2)Әуелетіп сахнаға әндеттік
Текті жұртты ән бесікке тербеттік
Бата беріп халық
Алғыстарын алып
Еркелеуші ек алдында ер жеттік
Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге он жыл
Қуанышты бөлісейік деп жеттік
3)Төрт екенбіз төрде тұрған төрт елміз
Көріктіміз көпшілікпен көркембіз
Алақаны алтын
Сенің арқан халқым
Тарихтарда қалып жатсақ ертең біз
Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге он жыл
Сағыныштың сазды әуенін шертеміз
Бөлінбей бірлікпен іргеміз
Ән шырқап журеміз күнде біз
Сіздерге арналар бұл лебіз
Біздермен біргеміз
Жазған Раманқулов Еркін [vk.com/adaistan05]