Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Саржайлауым
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем Саржайлауым
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Саржайлауым
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен! Саржайлауым
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным Саржайлауым
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын Саржайлауым
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым