Армансыз ақтарып сырларымды,
Жалғансыз айтар ем шындарымды.
Кездесіп тарқатсам мұңдарымды,
Ойымнан шығаршы сыңдарымды.
Үндесе жүрек мәңгілік..
Тек сені таңдайды!
Көргенде ғана сан күдік,
Тарқайды...
Көресің бе көздерімнен, сөздерімнен?
Сезесің бе, Сенесің бе?
Келесің бе кездесуге - кездесуге?
Жүздесуге, тілдесуге?!
Өзің кеп өсірші өмірімді,
Бәрінен тазартшы көңілімді.
Көргім келмес жаным сені мұңлы,
Сен келіп ақтаршы сенімімді?!
Сөйлесең ғана сеніммен...
Сырымды айта аламын!
Кездессем ғана өзіңмен...
Жәй табамын...!
Көресің бе көздерімнен, сөздерімнен?
Сезесің бе, сенесің бе?
Келесің бе кездесуге - кездесуге?
Жүздесуге, тілдесуге?!