Жанарың қыз жігітке төңкереді
Қош ғашық от лебімен өртенеді
Аяулым махаббатқа аялаған
Айлы кеш бүгін неткен көркем еді
Аяулым махаббатқа аялаған
Айлы кеш бүгін неткен көркем еді
Алтынай дөңгеленіп қырды асады
Маужырап айналады түн басады
Қос ғашық түнгі аспаннан жұлдыз санап
Аулақта таң атқанша сырласады
Қос ғашық түнгі аспаннан жұлдыз санап
Аулақта таң атқанша сырласады
Атқаны жазғы таңның байқалмайды
Бөлініп екі ғашық қайта алмайды
Недеген қиын еді қош айтысу
Қимайды қиналады айта алмайды
Недеген қиын еді қош айтысу
Қимайды қиналады айта алмайды