Түніменен, түніменен тереземді тамшы ұрды
Түніменен айтып жатты жан сырды, жан сырды
Түніменен, түніменен өзің жайлы түс көріп
Жұмыр басқа мазасыз ой сан кірді, сан кірді
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Кірпігімнен, кірпігімнен қулап жатты тамшылар
Бәз біреулер бұған сірә таң шығар, таң шығар
Сені аңсаған, сені аңсаған көңілімде еріген
Аңсаулардың моншағыда бар шығар, бар шығар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағылар
Өз жүрегің, өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сағынып

Көкірегің қасыреттең жаншылар
Өз жүрегің, өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сағынып
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар