[www.kazVIP.kz]
Әні мен сөзі : Тасов Бағжан
Шырайлым
Қанатың бұлтпен теңессе, көзіңнен сағыныш ессе, аңсаған бақыт емес пе?!
Дауылдар соқты біздерге, жауынын төккен күздерде,кінәлі бұған өзге ме?!
Жүздірген арман кемесін, маған бір енді елессің,сырғалым менің келмессің.
Жауыннан түскен моншақтай - өткен күн,тәтті сол шақтай,тағдырға тағы кездессін.
Қайырмасы:
Сен едің аппақ құсым қиялдаған
Періште келбетімен жиі алдаған
Түсіме кірмеші енді маза бермей
Сен үшін жүрегімде сыр қайнаған.
Шырайлым, сен айдай толдың
Жанарыңда тұнған нұрдың
Шұғылалы сағыныш отын көрдім.
Келер деген менде үміт
Түнге сырларымды төгіп
Саған қарай жағада тұрмын күтіп.
Тағынған жүзің таң нұрын,саялар саған жан мұңым, сен едің сырлы тағдырым.
Кемесі бақыт келер деп, жағада тұрмын жетер деп, нұрына шомып жаңбырдың.
Қайырмасы: