Қымбатсын сен жаныма жаным
Өлшеусіз мен ләззат аламын
Сұлу жүзіңді көргенде
Нәзік ерніңнен сүйгенде
Өзіңді көруге асықпын
Ғашықпын өзіңе ғашықпын
Ғашықтықтан жасқанамын
Ғашықтықтан ән саламын
Ләззат алам сұлу жүзіңнен
Ләззат алам айтқан сөзіңнен
Ләззат мөлдір көзіңнен
Ләззат алам жаным өзіңнен
Ләззатқа толы әрбір күннің
Ләззатқа толы әрбір түннің
Өзіңмен бірге өткізген
Ертегідей гажап кезең
Күлімдейсің сүйем дегенде
Сүйемісің дәл мендей сенде
Сезімменен оттай жанған
Сезім сырын айтшы маған