Текст песни «Ерген Айтымбетов Үш дос»
Өмірге келеді адам қайту үшін
Аллаға Сансыз шүкүр айту үшін
Тәніңді тапсырғанда қара жерге
Қасыңда бірге жатар қай туысың
Қоштасар жаным деген жарыңызда
Айналып қайғысымен зары мұзға
Өлгенде олда саған дос болмайды
Әйтеуір серік болар барыңызда
Баламда еріп бармас шырақ қалар
Қолынан бар келгені жылап қалар
Кезегі келген кезде келмес жаққа
Олдағы мәңгілікке турақ табар
Ажалдан кеткен кезде уысында
Досыңда алып қалмас туысыңда
Ешкімге имеи кеткен ғазиз басым
Шіриді қара жердің қуысында
Сондағы сенгеніміз малымызба
Олдағы жолай алмас маңымызға
Жоқ әлде өлген кезде тірек болар
Атақ даңқ тәжіңізбе тағыңызба
Қараша келген кезде солған гүлдей
Араша болмас олар жаныңызға
Шыққанда өмір дейтін жолыңыздан
Осының бәрі үзілер қолыңыздан
Мың қырған жылқы сиыр қойларыңыз
Оларда еріп бармас соңыңыздан
Басынан өткен кезде заманыңыз
Өшеді жарық көрер жанарыңыз
Сол кезде сізбен бірге еріп барар
Жасаған тірлігіңдеи амалыңыз
Аллаға деген берік иманыңыз
Сол болар қалқаныңмен қамалыңыз
Бұл өмір өте шығар көш емеспей
Түспейік сондықтанда бос егескей
Оқығын намазың мен оразаңыз
Құдайдан бізге берген қош емеспе
Зекетің барып келген қажылығың
Жанашыр жолдастарың осы емеспе
Мал де емес байлықта емес туыстемес
Пендеге иман мәңгі дос емеспеи
Мал де емес байлықта емес туыстемес
Пендеге иман мәңгі дос емеспеи