1
Жүрегім айтты маған оны сүйесің деп
Уақыт бәрін көрсетті басыма қармен кеп
Міне үш күн болды қар жауып тұрғанына
Менің көңілім сияқты рахмет ұғынғанға
Көңілім бос бос сезімнен қайтарымсыз
Өмір тоқтап қалғандай менің сүйгенімсіз
Қалай шыдаймын мен білмеймін бұл уақытты
Қашан келеді бақыт болады жан құтты
Білмеймін неліктен сүйдім осылай қатты
Неліктен осы бағаламадым жақындықты
Тағдырға ризамын сені алыстатты
Сол кезде білдім сүйетінімді қатты
Қатты құшаққа қысып алғым келіп тұрмын
Бірақ ойланып қарасам менен сен алыссың
Бірақ маған сенбейсің қайнады өкінішім
Сені сүйгендей, басқа ешкімді сүймеймін
2
Жүрегім дүрс-дүрс сен жайлы сырлайды
Сенің сезіміңді әнменен жырлайды
Сенімен қосылудың амалын іздейді
Түсімде көрем сенің сүйкімді бейнеңді
Жаным маған келші,маған келіп тұршы
Менімен айырылмай қасымда менің жүрші
Көктем келді міне сен болсаң алыстасың
Қосылмасақта егер жүректе қаласың
Жаным сені сүйем сенде сүейсіңба?
Жүрегің соқса мен деп қасымда жүресіңба?
Жүрегім айтты маған қайтадан дүрсілдеп
Екінші кездестірсең бірге болыңдар деп
Кездессек екінші рет,қосылуға болама?
Деп сұрадым жүректен мазалап қайта-қайта
Мазамды ала беред кеудеден бір мүше
Махаббат қалып кеткен сол жағымда кеудемде
3
Алғаш көргенде сені бір сезім оянды
Алғаш сүйгенде сені жүрегім толқыды
Білемін мен, жүрегім сені сүйді
Бұлай сүйе алмас, басқа ешкімді
Сені ұнатушы едім балғын шақта
Қолымнан ұсташы басайық болашаққа
Бірге боламыз кедергілерден қорықпа
Менің жанымда болшы ешқайда алыстама
Сенімен болу үшін бәрін жасадым
Қиындықтың барлығын аяққа таптадым
Барлығын төңкердім жаным сен үшін
Сен үшін дегенде оянар сиқыр күшім
Сен үшін даярмын әлемді төңкеруге
Сен үшін таңба салдым мына өміріме
Қашан көрем сені тағы да тағы да?
Келеді өте қатты, қысып құшағыма