Бұл оқиғаның еш жылуы болмаса да,
ол әлі де анық есімде.
Сол сәттер ертегідей болып көрінгенімен,
жалғыз қалу қорқынышы әлі де менімен бірге.
Мұзға толы жүрегімді артта қалдыруға тырысып,
жоғалтып алған уақытымды қайтарғым келеді.
Сені тағы да кездестірген соң,
сен жайлы ұмыт болғанның бәрін де еске түсіремін.
Қиын сәттердің бәрінен
тек сенімен бірге өте алдым.
Мен әлі де сенімен біргемін.
Тағы да тек жылай аламын.
Тағы да көз жасымды төгемін.
Сен маған сыйлаған сезімдерді
өзіңе толығымен қайтарып бергім келеді.
Өзіңді құшақтауға рұқсат ет,
сонда ғана сенің мұңыңды өзіме ала аламын.
Сені тағы да кездестірген соң,
сен жайлы ұмыт болғанның бәрін де еске түсіремін.
Қиын сәттердің бәрінен
тек сенімен бірге өте алдым.
Мен әлі де сенімен біргемін.
Сені қинаймын ба деп қорқамын.
Мені әлі де күтудесің бе деп қорқамын.
Сені әлі де ұмыта алмаймын,
сол себепті де естеліктерімді қайта кеземін.
Сені тағы да кездестірген кезде,
сен жайлы ұмыт болғанның бәрін де еске түсіремін.
Қиын сәттердің бәрінен
тек сенің арқаңда өте алдым.
Мен әлі де сенімен бірге өмір сүремін.
Тағы да тек жылай аламын.
Тағы да көз жасымды төгемін.