Бірде жылы, бірде суық
Жетемін деп арман қуып
Ұмтылады екі жас
Атсын арай таңдарын да
Тек жақсылық жандарында
Табылсыншы әрқашан
Мейлі ызғар суық өтсе де
Мейлі орман таулар көшсе де
Биік тұрсын асыл арманың
Үмітіңді өшірме
Мейлі мейлі кетсеңдер алыс
Мейлі қарсы болса да ағыс
Құшақ жайып сендер қуанып
Шын бақытыңа табыс
Жан күйінді тербеп шатпен
Бірге оянып атқан таңмен
Әр күндерді қарсы ал
Ерік сезім жетегіне
Самғап ұшып кетсендер де
Жазылмасын жұптарын
Мейлі ызғар суық өтсе де
Мейлі орман таулар көшсе де
Биік тұрсын асыл арманың
Үмітіңді өшірме
Мейлі мейлі кетсеңдер алыс
Мейлі қарсы болса да ағыс
Құшақ жайып сендер қуанып
Шын бақытыңа табыс