Мынау менің туып өскен жерім бе?
Мынау менің сан жүгірген белім бе?
Мынау менің алты арысты туысқан
Аспаралы асқар алы елім бе?
Шынымен ақ кеткенім бе шалықтап
Жас балаша тұрмын ба әлде қалықтап
Көз алдымнан мұнарлайды ыстық жас
Қарайыншы тағы да бір анықтап
Көрген сайын көңіл кірі аршылар
Әр-кімнің ақ туған жері бар шығар
Бірақ маған сенвіз әлем тар шығар
Сағынышым ыстық жас боп тамшылар
Туған жерім сағынышым сарғайған
Құстай ұшып келем саған шалғайдан
Жібек желің еркелетіп елітіп
Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан
Жапырыла жасыл желік құрағың
Жарқыныңмен сыңғырлайды бұлағың
Қасиетіңнен айналайын туған жер
Көк майсаңды құшақтай кеп құладым