Қай қаланы мекендеп
Қай елде жүр екен деп
Неге сен сені ойлаймын
Сағынғанда жетер деп
Сенімді көз сендегі
Жүрегімді тербеді
Шыныңды айтшы сені ойлаймын
Ойлайсыңба сен мені
Қайырмасы
Сені ойлаймын мен неге күнде
Әкетердей елімнен
Аққу құстай тербелемінде
Сені іздеймін көлімнен
Маған сәлем бермегеніңде
Көрмес едім сені мен
Әттең сені көрмегенімде
Сағынбайтын едім мен
Бақытымның жолында
Арманымда орында
Жүрегіме құлып салдым мен
Кілті сенің қолыңда
Жұлдыз болсаң айдаймын
Жақын келсең жайнаймын
Жаным менің мені ойласаң
Сені ғана ойлаймын
Қайырмасы
Сені ойлаймын мен неге күнде
Әкетердей елімнен
Аққу құстай тербелемінде
Сені іздеймін көлімнен
Маған сәлем бермегеніңде
Көрмес едім сені мен
Әттең сені көрмегенімде
Сағынбайтын едім мен