Аты: Татулық
Сөзі: Ринат Заитов
Әні: Павел Ли
Орындайтын: V-Alem тобы
1
Нелер бір заман өтпеген адамның басынан
Бейнет те көрген көптеген тап болған тосыннан
Суды да кешкен отпенен айбынды бар бабамыз
Бүгін гүлдеп қайта көктеген даламыз
Әрқашан бірге боламыз!
Қайырмасы:
Адалдық туы құламасын
Көңілдің төрінде
Сәбилер енді жыламасын
Ешқашан бүл өмірде
Бірлік пен достық сатылмасын
Көбейсін жақындық
Қастандық оғы атылмасын
Жасасын татулық
2
Ынтымақ құсы самғасын тұп-тұнық аспан да
Ұлы сапарды жалғасын жалынды жастар да
Әлемді достық жайласын сонда біз бақ табамыз
Мәңгі көктем болып жайнасын арамыз
Әрқашан бірге боламыз!