Жүрегімде қалды сыз неге?
Сыз қалдырды сол бір қыз неге?
Үмітімді маған үз деме
Үзер болсам енді іздеме.
Өмір - теңіз, жаным біз - кеме,
Қосылмады біздің із неге?!
Жазда, Кыста, Көктем, Күзде де
Іздеме, іздеме...
Іздесең де мейлі қаншама
Таусылады таппай бар шара.
Қараушы едім саған тамсана
Енді мені жаным аңсама.
Ханшайымым мені хан сана
Бақ жұлдызың канша жанса да.
Көздеріңнен моншақ тамса да
Аңсама, аңсама.
Өмір - теңіз, жаным біз - кеме,
Қосылмады біздің із неге?!
Жазда, Кыста, Көктем, Күзде де
Іздеме, іздеме...