Перзент парызы
Қандай шаттық сыйласам екен,
Әлем нұрын жинасам ба екен.
Ұл-қыздарың жаныңда ай-күн алақаныңда,
Алтын тойың қанат қағуда.
Ұл өсірдім сендерге қарап,
Қыз өсірдім тұлымын тарап.
Менің ғазиз мекенім
Сенен үлгі етемін
Қартаюдың өнер екенін.
Қайырмасы:
Шашылайын шұғылаң болып,
Шырқа көңіл бүгін ән болып.
Аман-есен жүрсеңдер екен,
Бет түзейтін құбылаң болып.
Ақ қыраудай шашыңды көрем,
Басын иген ғасырды көрем
Бәрі сенің жеңісің,
Бәрі сенің жемісің,
Ұрпағыңа бақыт кенісің.