Көрінбей кеттің ғой
Әмияның толған соң
Түнімен айтқан тәп-тәтті сөзімменен.
Сыбырлаушы едің ғой
Жүрегіме енген соң
Менің күйдіре алатын өзіңсің деп.
Сонда да, қиығын салған көгілдір көзіңмен
Маған қарағанда мен балқимын.
Қиығын салған мөп-мөлдір көзіңмен
Маған қарағанда мен балқимын.
Менсінбей кеттің ғой
Қөңілің аулыған соң
Қызығы әлі бітпеген ерінменен.
Қызыл қаным көнді ғой
Намыстанып болған соң
Басқасын әлі кездестірермін-ау деп.
Сонда да, қиығын салған көгілдір көзіңмен
Маған қарағанда мен балқимын.
Қиығын салған мөп-мөлдір көзіңмен
Маған қарағанда мен балқимын.