Арманымсың ақ құсымдай,
Тамылжыған тәтті сырдай,
Жүрегіммен егіз бе едің,
Айтшы, неге сені іздедім?
Үміт арман - ай!
Жылы таңдар ай!
Жаным ау сені,
Ұмытам қалай?
Қ-СЫ:
Сағындың сен де,
Сағындым мен де,
Елес болып қала бердің,
Сағым күндерде.
Мөлдіреп көзің,
Елжіреп сезім,
Шығар ма ең жаным, қарсы алдымнан,
ӨЗІҢ.
Көздеріңде көл дірілдеп,
Қараушы едің сен күлімдеп.
Айтшы жаным енді кімге?
Сыңар болдың сен бүгінде...
Сыр ұқтырғаным..
Күліп тұрғаным.
Неліктен, неге,
Ұмыттың, жаным?
Қ-СЫ:
Бәрі де кеш...
Өмір - елес,
Сені ұмыту,
Мүмкін емес!!!